9.08.2021, 14:55
Оқылды: 60

 Қайыңдыдағы игі іс

Ауылын ардақ тұтқан, туған жердің қадірін шын сезінгендер қашанда берекелі істерімен ерекшеленбек. Осындай ер-азаматтарды Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылдық округіне қарасты Қайыңды ауылынан да көруге болар.

index

Жері мен суын, тауы мен тасын мақтан еткен қайыңдылықтар ауылдың мерейін тағы бір мәрте көтергендей. Жақында туған ауылына жанашыр  бір топ ауылдастар ауылдың кіре берісіне диоттық белгі орнатты. Енді бұл белгі ауылға жақындаған әрбір жолаушыға менмұндалап тұрмақ. Бұл өзіндік бір әсем дизайнымен көзге түсіп, ауылдың атын мәңгілік еткендей.

«Екі аптаға жуық уақытымызды бөлген бұл игілікті іс баршаның көңілінен шықты. Ауылдан, қаладан жиналған жігіттердің ауылымызға деген ыстық сезімдері жүректерге жылу сыйлағандай ерекше әсер берді», – дейді қайыңдылықтар.

Айта кету жөн, «Рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында атқарылған бұл игілікті іске Қайыңды ауылының байырғы тұрғындары мен қазіргі таңда әр тарапта жүрген жерлестер өз үлестерін қосқан болатын.

А.Муса,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале