19.08.2021, 10:29
Оқылды: 55

Жол құрылысы жанданды

Бөкей ордасы ауданы орталығындағы ауылішілік жолдарға, яғни Шағыров, Ә.Молдағұлова, Абай, М.Бегалиева, А.Оразбаева, С.Сейфуллин және ауылдың шығыс бетіне қарасты көшелерге асфальт жабынын төсеу жұмыстары қайтадан қарқын алды.

жол1

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Жалғас Ташуовтың айтуынша, аталмыш құрылыстың мердігері «РСУ-1» ЖШС-і болып табылады.

жол3

– Осы айдың соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтауды көздеп отырмыз. Өйткені, екі жылдық келісімшартқа сәйкес биыл құрылыс тәмамдалуы тиіс. Былтыр төселген жолдардағы пайда болған ақауларды қалпына келтіру жұмыстары да осы мердігерлік топтың мойнында. Кепілдік мерзімі үш жыл, - дейді бөлім басшысы.

жол (2)

Сондай-ақ, Б.Жәнекешев, М.Бегалиева, А.Оразбаева, С.Сейфуллин және Бөкейхан көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу жұмысы да қолға алынып, оны «Наружка Астана» ЖШС жүзеге асыруда. Қазіргі таңда жаяу жүргіншілер жолын төсеу жұмыстарының 60%-ы орындалды деп атап өтті аталмыш бөлім басшысы.

 

Арайлым Маратқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале