20 тамыз күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Казталов ауданындағы С.Садықов атыңдағы мәдени-демалыс орталығы көркемөнерпаздарының ұйымдастыруымен «Қазақ вальсінің королі» атанған бірегей талант иесі Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған «Нәр берген ән-бұлақтан» атты ән кеші өтті.
Кеш барысыңда Шәмші Қалдаяқовтың жастық шағына арналған қойылым көрініс тапты. Композитор Шәмші Қалдаяқовтың «Сыған серенадасы», «Бақыт құшағында», «Қайықта» т.б. әндерін орталық өнерпаздары шебер орындап, шараның көркін аша түсті.
Мәдени шара карантиндік талаптарға сай өтті. Кешке қатысқан көрермен қауым орталық өнерпаздарының өнеріне тәнті болып, өз ризашылықтарын білдірді.
Райымбек Саматов,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz