23.08.2021, 15:15
Оқылды: 35

Вашингтон Кабулдан өз азаматарын эвакуациялауды тездетті

АҚШ президенті өз азаматтарын Ауғанстан астанасынан эвакуациялау жылдамдатылғаны туралы мәлімдеп, сондай-ақ Ауғанстандағы Ислам мемлекеті тарапынан қатер төніп тұрғанын ескертті.

ваш
Жұма күні Ақ үйде өткен брифинг кезінде АҚШ президенті Джо Байден «Талибан» қозғалысы өз бақылауына алған Ауғанстаннан американдық және ауған азаматтарын шығаруға уәде берді. Бұдан басқа, ол сақталып отырған қауіп-қатер, соның ішінде Хорасан провинциясында «ИМ» террористік тобы тарапынан шабуыл қаупі бар екенін ескертті. Байденнің айтуынша, соңғы аптада АҚШ Кабул әуежайынан 28 мыңға жуық адамды эвакуациялады. Оған қарамастан, эвакуацияның 31 тамызға белгіленген соңғы мерзімін ұзарту талап етілуде. Бұдан басқа, американдық әскерилердің Кабул әуежайында қауіпсіз аймақ периметрін кеңейткені атап өтілуде. АҰШ президенті АҚШ Мемлекеттік департаментіне Ауғанстанда қалып қойған американдықтармен телефон, электрондық пошта және басқа жолдар арқылы байланысқа шығуын тапсырғанын және Вашингтонның оларды әуежайға өткізу жоспары бар екенін атап өтті. Осы арада, жексенбіде АҚШ Қорғаныс министрлігі Ауғанстанға көмек көрсету үшін қорда тұрған азаматтық әуе флотын жұмылдырылғаны туралы мәлімдеді. Бұл бағдарламаға сәйкес, түрлі американдық әуе желілерінің 18 коммерциялық ұшағы эвакуацияланғандарды Ауғанстан сыртындағы үшінші елдердегі қауіпсіз жерге тасымалдау үшін пайдаланылады. Бұл бағдарлама соңғы рет 2003 жылы АҚШ-тың Ирак еліне басып кірген уақытында және Парсы шығанағында 1990-1991 жылдары болған соғыс кезінде қолданылған.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале