Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ҚР Конституция күні мерекесіне арналған оқушылар, соның ішінде әуесқой жүгіру клубтары арасында жеңіл атлетикалық кросстан жарыс өтті.
Ауданнан жас желаяқтар қатысып, өзара бақ сынасты. 10-11 жас арасында Тасболат Сағынғали VIII орын, 13 жас арасында бақ сынасқан Мағжан Нұржан VII орын, ал 7 жас аралығындағы бәсекеде Сержан Нұржан I орынды иеленді. Жарысқа қолдау білдіріп, демеуші болған аудандық «Айбын» спорт клубына және ауылымыздың мәрт азаматы Нұрлыбек Хайруллинге алғыс зор.
Әсем Халиуллина,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz