Аудан орталығындағы ең ірі «Ақжайықта» сауда үйінде «KZ» белгісімен қазақстандық тауарларға арнайы бөлімдер жасақталған. Онда шұжық, сүт, нан өнімдері, салма секілді азық-түлік түрлері қойылған. «Мен тек қазақстандық азық-түлікті сатып аламын, - дейді чапаевтық Оксана Ефремова. – Себебі отандық өнім сенімді, сапасы да, бағасы да көңілге қонымды».
Мұны «Бұлақ» дүкенінің иесі Светлана Сағитова да құптайды. Оның дүкеніндегі заттардың 70 пайызы елімізден шығарылған. Дүкенге келушілер де, негізінен, «Қазақстанда жасалған» деген сөреде тұрған өнімдерді алатын көрінеді.