27.08.2021, 16:32
Оқылды: 2

Өңірлік комиссияның кезекті отырысы өтті

26 тамыз күні облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтің төрағалығымен өткен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысында аталмыш комиссияның тиімді жұмысын ұйымдастыру бойынша алға қойылған міндеттер жан-жақты талқыланды.

e2ceb8ab-2285-4826-b6a7-e9e27f023991

Айта кетейік, аталған комиссия құрамындағы ғалымдар мен өлкетанушылар өңірдің архив қорларындағы құжаттармен танысып, тарихи деректерді зерделеу бойынша ғылыми және танымдық бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыруда. Ағымдағы жыл басынан бері өңірлік комиссияның үш отырысы және комиссия шеңберінде құрылған жұмыс топтарының жеті кеңесі өткізілді.

02

Осы бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің жағдайы, жоба шеңберінде жасалынатын жұмыстар туралы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі қызметтерді жүзеге асырушы «Дана» орталығының жетекшісі, өлкетанушы Жантас Сафуллин айтып өтті.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі жұмыстардың облыстық архивте жүргізілуі туралы облыстық архив директоры Айжан Сауғабаева хабарлама жасады.

63fe3238-f81a-4687-8c11-aa55b6670caa

Архив қорларынан Кеңес үкіметінің күштік құрылымдарының директивасы негізінде тұрақты мекендерінен күштеп қоныс аударылғандардың істері, қудалауға ұшыраған дін өкілдері, соғыс кезінде тұтқында болғаны үшін қудалауға ұшырағандар, ұжымдастыру барысында бай-кулак деп танылып, жапа шеккен ауқатты шаруалардың істері табылып, ғалым-мамандармен зерттелуде екендігі белгілі болды.

Комиссия отырысына қатысушы құқыққорғау органдарының өкілдері өз кезегінде ізденуші ғалым-мамандарға қажетті ұйымдастырушылық қолдау көрсетуге әзір екендігін мәлімдеді.

5b760684-60fb-4109-b06a-cb7fae29df45

«Жұмыс топтарының өзара іс-қимыл бағыттарын үйлестіру және республикалық жобалық кеңсемен бірлесе отырып тәжірибелік әдістерді айқындау қажет. Тарихи әділдікті қалпына келтіру бойынша алдымызда ауқымды міндеттер, күрделі тарихи мәселелер тұр. Бұл істе баршаңызға байыптылықпен және барынша жауапкершілікпен қарауды сұраймыз», - деп атап өтті жиынды қорытындылаған Бақытжан Хаберұлы.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале