30.08.2021, 12:57
Оқылды: 23

Рустамова - Азия чемпионы!

Наурыз айында Алматы облысында жасөспірімдер мен жеткіншектер арасында өткен қол күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында бұлдыртылық Гауһар Рустамова І орын иеленген еді. Енді "Азия чемпионатында да намысты қолдан бермей, жеңіс тұғырына көтерілді" деп қуана хабарлады Гауһардың қол күресінен жаттықтырушысы Төлеген Құраш.

CAD558CE-15C2-4CE7-95C2-C4D198F3AFEB

Оның айтуынша, Гауһар Рустамова облыстың бірнеше дүркін жеңімпазы ғана емес  Батыс Қазақстан облысы бойынша аймақаралық әйелдер арасында жеңімпаз, сол қолдан "Азия чемпионы" атанып отырса, оң қолдан күміс жүлдегер болып отыр. Одан бөлек, ҚР "Спорт шеберіне" үміткер.

- Азия чемпионатынан жанкүйерлеріміз күтіп алып, қолдау білдірсе, аудан әкімі Төлеген Төреғалиевтің де қабылдауында болып, алғысына бөлендік.

Еңбек спортшы мен бапкерден болса, жеңіс ортақ, ауданның мерейі. Алдағы уақытта Әлем чемпионатында ауыл, аудан, облыстың ғана емес, қазақ елінің туын көкке көтерсек деген мақсатымыз бар. Олай нық сөйлеуімнің себебі, Гауһармен үздіксіз жаттығу жасап, еңбектенудеміз. Шәкірт жеңісі - ұстаз мерейі,-дейді Азия чемпионының жаттықтырушысы.

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале