7.03.2015, 16:46
Оқылды: 50

Талапты жас маман

2814


Сол жылы Орал қаласындағы Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мамандығына оқуға түсіп, үздік дипломмен аяқтады. Еңбек жолын туған ауылы Қайыңдыдағы «Балдырған» бала бақшасында әдіскер қызметінен бастады.


Кіндік қаны тамған туған жеріне табан тіреп, бүлдіршін іні-сіңлілеріне тәлім-тәрбие беріп, жаңадан тәжірибе жинап келе жатқан Арайлым 2013 жылдың қазан-қараша айлары Қазталов ауданы орталығындағы 280 орындық «Нұрбалапан» бөбекжай балабақшасындағы тәрбиеші қызметіне ауысты. Ал 2013 жылы қараша айынан бастап Қазталов аудандық білім беру бөлімінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша әдіскері қызметін абыройлы атқаруда. Арайлымның жас та болса, алдына қойған мақсаты да, армандары да асқақ. Ақиық ақын Мағжанның мақамды мадағындағы “арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай еркін қанатты” жастар мамандығына деген креативтілікті үмітпен күтеді де іс жүзінде шарықтайтынына сенеді. Сол себепті Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың басшылығымен «Балапан» бағдарламасының орындалуын жүзеге асыруға белсене атсалысуда. Аудан бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 74,1%-ды құраса, 3 тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100%-ды құрайды. Мұның бәрі – тынымсыз еңбектің нәтижесі. Оның еңбекқорлығы әрі талапшылдығы мақтауға тұрарлықтай.

Арайлым Орынғалиева өзіне қарасты 16 балабақша, 33 шағын орталық, 47 мектепалды даярлыққа басшылық жасап, әдістемелік көмек беруден аянбайды. Оның ұйымдастыруымен «Мектепалды даярлық тобы оқу-тәрбие іс-әрекетінің үздік жоспары» сырттай, «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі - 2014» кәсіби байқауы, «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту процесінің ұйымдастырылуы мен оны жобалау ерекшеліктері» семинар-кеңестері, «Мектепке дейінгі ұйым балаларының шығармашылығы қабілетін дамыту бағытында шаралардың ұйымдастырылуы» семинарлары және т.б өткізілді.

Арайлымға жол сілтеп, адал еңбектің дәмін сездіріп келе жатқан білім бөлімінің басшысы С. Жангереева оның аз уақыт аралығында атқарып келе жатқан еңбегіне разы екендігін білдіруде. Білім бөлімінде қызмет еткеніне 1 жыл 3 ай ғана болған жас маман облыста «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша үздік әдіскер» байқауына қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Адамның танымы неғұрлым биіктей берген сайын, дүниенің көкжиегі де соғұрлым көбейе береді. Еңбек етуге ұмтылған жастардың қатары арта берсе, Қазақстанның гүлденуі нық, әрі табандырақ болмақ. Мен де өз тарапымнан Арайлымға үкілеген үміті ақталып, саланың майталман маманы бол, жемісті еңбектің жеңісін көріп, оқ бойы озат бол деп ұжым атынан тілегімді білдіремін!


Шынар ТЕМІРҒАЛИЕВА,

Қазталов аудандық білім беру бөлімінің әдіскері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале