Бәйтерек ауданында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында «Мен ауылдың баласы» атты КТК фестивалі өтті.
КТК ойындарын жандандыру мақсатында ұйымдастырылған ауқымды шараға Белес, Железнов, Макаров ауылдық округтерінен командалары қатысты. Фестиваль аясында жастар ауданымыздағы, жергілікті ауылдық округтегі өзекті мәселелерді көтеріп, тартысты ойын көрсете білді.
Қызықты ойындар қорытындысында қазылар алқасының шешімімен Железнов ауылының ойыншысы Асылхан Аяшев «Үздік ойыншы» аталымын иеленсе, Макаров ауылдық округінің командасы үшінші, Железнов ауылдық округінің қатысушылары екінші орын иегері атанды. Ал Белес ауылдық округінің командасы үздің танылып, фестивальдің арнайы кубогіне ие болды. Жеңімпаз команда облыстық фестивальға жолдама алды.
Шара барлық карантин ержелерін сақтай отырып ұйымдастырылды. Ойынға қатысқан жастар арнайы дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.
Аружан Аманжол,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz