1.09.2021, 11:51
Оқылды: 47

Қауіпсіздік шаралары күшейтілмек

Кеше облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен кезекті жедел штаб отырысы өтті. Жиында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев облыстың қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы, шектеу шараларының нәтижелері жөнінде айтып өтті.

02

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков: - Вакцинация вирустан 100% қорғамайды. Бірақ, ағзаны күресуге дайындайды. Егілген адам індет жұқтырған жағдайда ауру-сырқауды жеңіл өткізіп, вакцина алмаған адамға қарағанда тез сауығып кетеді. Облыс тұрғындарына өздігінен емделмеуге кеңес береміз. Өте ауыр жағдайда ауруханада жатқан науқастардың бәрі вакцина алмағандар. Вакцина қабылдағандардың арасында короновирустан өлген ешкім жоқ, - дей келе, халықты екпе алуға шақырды.

04

Жыл басынан бері облыста вакцинаның екі компонентінің 454 700 дозасы алынған (247 650 доза - I компонент; 207 050 доза - II компонент).Тұрғындар «Спутник V», «QAZVAС», «Hayat - Vax», «CoronaVac», «Vero Cell» вакциналарының біреуін таңдап, инфекция қаупін төмендете алады.

01

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтің мәліметіне қарағанда, мониторингтік топтар «Каспий», «Наурыз», «Арбат», «әл-Фараби», «Эмират» мейрамханаларының, «Eldivino» ойын-сауық орталығыныңкарантиндік шектеулерді бұзғанын әшкерелеген. Әкімдіктегі қызметкерлер мен еріктілердің көмегімен қоғамдық көліктерде вакцинация туралы жазылған парақшалар таратылуда.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Мақсотов «Ashyq» мобильдік қосымшасын қолданатын нысандардың күн санап көбеюде екендігін тілге тиек етті.

- Ертең кезекті оқу жылы басталады. Қоғамдық көліктермен қатынайтын адамдар көбейеді. Босаңсуға болмайды. Балалар мен оларды үйде күтіп отырған үлкен кісілердің денсаулығын сақтау үшін қауіпсіздік шараларын күшейтіп, мониторингтік топтардың жұмысын ширату шарт, – деді облыс басшысы Ғали Есқалиев.

05

06

07

 

Марлен Ғилымхан,

                                                                                              zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале