16.02.2016, 10:19
Оқылды: 21

Жәнібекте комиссия отырысы оздырылды

  Janibek komissia otirisi       Аудан әкімдігінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтіп, оған аудан әкімі Мұрат Мұқаев төрағалық етті.


         Жиында аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Нұрлыбек Мұстаев баяндама оқыды. Оның айтуынша, өткен жылы аудан бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қалыпты болды. Аудан тұрғындары арасында қызылша, шошқа мойын, полиомиелит, қызамақ, көкжөтел сияқты вакцинаға бағынышты аурулар кездеспесе, 2 битшендік, 1 ішек жұқпасы, 1 созылмалы вирустық гепатит «В» оқиғалары тіркелді. Алайда, оларға қарсы дезинфекциялық жұмыстар жүргізілген. Одан кейінгі кезекте аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы Қуаныш Мақашев 2015 жылы ветеринариялық іс-шаралар бекітілген жоспарға сай 100 пайызға орындалғанын жиында мәлім етті. Төрт түлік малға аса қауіпті құтыруға, құс тұмауы, пастереллез, сібір жарасы, туберкулез, қарасан індеттеріне қарсы екпе жасалыпты. Адамға және жануарларға ортақ аса қауіпті індеттер тіркелмеген. Комиссия отырысында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев баяндама жасап, өткен жылы жергілікті бюджет есебінен азаматтық қорғаныс іс-шараларына 6 млн. 700 мың теңге жоспарланғанын жеткізді. Сонымен қатар, 2015 жылы облыстық бюджеттен аудан ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға арналған техникаларды сатып алу үшін трансферт ретінде 21 млн. 794 мың теңге бөлініпті. Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Мұрат Рахметұлы ауданда болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті шараларды тыңғылықты орындау қажеттігін атап айтты.

www.zhaikpress.kz

Д.ОСПАН

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале