29.04.2024, 20:00
Оқылды: 44

Жәнібекте ұйымдастыру бөлімінің басшысы тағайындалды

Жәнібек ауданы әкімдігі ұйымдастыру жұмыстары, мемлекеттік қызметтер мониторингі және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы лауазымына Мерлан Еркеғұлов тағайындалды.

InShot_20240429_192039639

Мерлан Талғатұлы 1991 жылы 15 ақпанда Жәнібек ауданы, Тау ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2012 жылы Жәнібек ауданы Ақоба ауылындағы Х.Халиуллин атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2014-2017 жылдар аралығында Ақоба ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман, 2017 жылы Жәнібек ауданы әкімі аппаратында бас маман, 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Жәнібек ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметтерін атқарған.

Отбасылы, екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале