«Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің отырысы өтті.
Оған кеңес мүшелері «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бибігүл Ахметжанова, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Жанар Губашева, «Nur Otan» партиясы филиалының консультанты Асель Сарсанова және аудандық аумақтық инспекциясының қызметкерлері қатысты.
Кеңес отырысында «Nur Otan» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің тарапынан атқарылып келген жұмыстары талқыланып, Әдеп кодексіне қайшы әрекеттерді болдырмау және алдын-алу мәселелері сөз болды.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің негізгі бағыты – мемлекеттік органдардағы жемқорлық, экономикалық қылмыстың алдын-алу, қоғам ішінде сыбайлас жемқолық мәселелеріне бейжай қарамау мәдениетін қалыптастыру. Бүгінде жемқорлықты туындыратын себеп-салдарды жою, лауазымын асыра пайдалану сынды құқық бұзушылықтардың алдын-алу бағытындағы істер атқарылып келеді. Сондай-ақ, партиялық бақылауды күшейту мәселесі де қолға алынуда, - дейді партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бибігүл Ахметжанова.
Аружан Аманжол,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz