6.09.2021, 9:29
Оқылды: 37

Су тартылып, жол салынуда

Биыл Бәйтерек ауданына қарасты Январцев, Рубежин және Янайкин ауылдарына таза ауыз су құбыры тартылуда.

1
Рубежин ауылына су тарту жобасы келесі 2022 жылға өтпелі жоба. Рубежиндегі жоба құрылысымен танысқан аудан әкімі Марат Тоқжанов мердігер компания өкілдерімен жүздесіп, жұмысты күзгі жауын-шашынға дейін тиянақты орындауды тапсырды. Ауыл көшелерін қазу жұмыстары тұрғындар үшін қауіпті әрі шаруашылыққа да кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан дайын құбырды салып, қазылған жерді тездетіп қайта көму қажет.

2

Осыны қатаң ескерткен аудан басшысы ауылдық округ әкіміне жұмыстың орындалуын күнделікті бақылауды тапсырды.

Одан соң аудан әкімі Дариянда салынып жатқан екі қабатты 24 пәтерлі тұрғын үй құрылысын тексерді. Тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға арналған үй биыл тапсырылуы тиіс. Қазір сыртқы инженерлік желілері тартылуда. Құрылыс қарқынын жақсы бағалаған аудан басшысы әр пәтердің жобаға сай сапалы болуын ескертті.

3

Сондай-ақ биыл Достық округіне қарасты Чувашин, Красный Урал елді мекендеріне барар жол жөнделеді. Жөндеу жұмысы енді басталатын жобаны тағы бір мәрте талқылаған аудан әкімі жауапты мердігерге бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Арал Болпышұлы,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале