6.09.2021, 12:26
Оқылды: 85

Тіл халық – қазынасы

Бәйтерек аудандық "ШЫҢ" сазды-драма театры Қазақстан халқы  тілдері күні және Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған  әдеби-сазды кеш өткізді.

 Тілдер күні шара

Елімізде тіл саясатын іске асыру, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, сондай-ақ ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын насихаттау мақсатында оздырылған шара барлық сақтық шараларын қатаң сақталуымен өтті.

Кешке «ШЫҢ" сазды-драма театрының және Калинин мәдениет үйінің ұжымы мен мектеп оқушылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Кеш барысында Қазақстанда ұлттық әліпбиді латын қарпіне көшіру үрдісі сөз болып, Калинин кітапханасының меңгерушісі Кәлима Саниахметқызы жиналғандарға аталған тақырыпқа орай дайындалған кітап көрмесін таныстырды.

Кеш барысында поэзия сағаты ұйымдастырылып, Қасым Аманжолов мектебінің оқушылары ұлт педагогі аталып кеткен жазушының мол мұрасынан көркемсөз оқып, шара шырайын кіргізді.

Тілдер күні шара1

- Үкімет қаулысымен 2018 жылы 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдерінің күні болып белгіленді. Себебі, бұл күні қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген. Бүгінгі Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне байланысты өткізілген әдеби-сазды кеш халқымыздың ұлы жазушысы Ы.Алтынсариннің 180 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақстанда 100-ден асатын ұлт өкілдері бар және оларды мәдени-рухани қолдау бағытында Қазақстан халқы Ассамблеясы да жұмыс істеп тұр. Сол себепті тілдер күні барша қазақстандықтар үшін атаулы мереке. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту – біздің міндетіміз, - дейді Калинин мәдениет үйінің маманы Арайлым Нарымбетова.

 

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале