Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылдық округіндегі полиция бөліміне 2005 жылы туған қыз бала келіп, ата-анасымен сөзге келіп қалғаны үшін үйінен қашып кеткенін айтқан.
Құқық қорғаушылар жеткіншектің Қарағанды облысы Теміртау қаласынан екенін анықтапты. Ол Орал қаласына жолшыбай кезіккен көліктерге мініп келіпті.
Бірден Теміртау қаласындағы әріптестерімен хабарласқан мичуриндік полицейлер үйден қашқан азаматшаның жағдайы жақсы екенін жеткізген. Қазіргі таңда қашқын қыз қиын жағдайға тап болған балаларға арналған орталыққа жеткізілген. Алдағы күндері құқық қорғаушылар оны ата-анасына жеткізбекші.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz