3.03.2015, 16:47
Оқылды: 68

Жаңажолдағы ЖАРАСТЫ ШАРА

41828382


Елбасының ұйытқы болуымен осыдан 20 жыл бұрын шаңырақ көтерген Қазақстан халқының Ассамблеясы (ҚХА) бүгіндері отандастарымыздың достығын нығайтар, жастардың санасына қазақстандық патриотизмді сіңірер құрылымға айналды.


Сол себепті ҚХА-ның 20 жылдығына орай біз де ел ішінде тартымды-тағылымды шаралар ұйымдастырудамыз. Мысалы, жа-қында біздің мектепте «Бірлігіміз жарасқан берік елміз» атты жарасымды шара өтті.

Бұл шараны Елбасымыздың «Ел бірлігі – ең асыл қасиет, ынтымақ пен парасат, ең алдымен, өзімізге керек» деген сөзін тілге тиек етіп, мектеп директоры Гүлмейрам Кенжеғарина ашып, ауылдастарымызға елдің шырайын кіргізіп, ырыздығын молайтар береке-бірлік пен жасампаз еңбек тіледі. Сонан соң «Ұят болмасын» телехабарының негізінде қазақ елін мекендеген ұлт-ұлыстардың озық салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетіліп, «түрі басқа болғанмен, тілегі бір, жүзі басқа болғанмен, жүрегі бір» отандастарымыздың әндері шырқалды. Осы шараның мазмұнды өтуіне мұғалімдер мен мектеп оқушыларына қоса, ауыл тұрғындары да белсенді атсалысты. Әсіресе, Есен-келді Ғабдушев пен Жомарт Жанаевтың өнерлері көпшілікті тәнті етті. Сонымен қатар әжелердің халық әндерін әуелетуі де керім жарасымды болды. Бұған қоса, «Кәрісі бар үйдің ырысы бар, қариясы бар елдің қазынасы бар» дегендей, ауылымыздың ардақты ақсақалы Нұрғали атаның ғибратты әңгімесі мен үлкен-кішіні тату-тәтті тірлік пен береке-бірлікке шақырған ақ батасы да көптің көңілінен шықты.


Данагүл ЕРМЕКҚАЛИЕВА,

Жаңажол негізгі жалпы білім беретін

мектебі жанындағы   

«Балдәурен» шағын орталығының

тәрбиешісі,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале