14.09.2021, 15:56
Оқылды: 19

Испания COVID-19-ға қарсы вакцина шығарады

Испания қазанда COVID-19-ға қарсы вакцина шығаруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Local басылымына сілтеме жасап.

8AECA058-2B69-4F02-ABE1-06A6ECCB3863

Испанияның ғылым және инновация министрі Диана Морант HIPRA фармацевтикалық компаниясы жасаған вакцинаны қолдану келесі жылдың басында басталуы мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, бүгінде өндіріске дайындық процесі "өте жақсы жүріп жатыр".

Сонымен қатар, Морант бұл препараттың сапасына сенімді екенін және вакцина коронавирустың әртүрлі штамын ескере отырып жасалғанын, оларға қарсы жақсы нәтиже көрсеткенін айтты.

HIPRA ветеринария саласынан дәрі-дәрмек пен вакцина өндірісіне көшкені айтылды. Ол коронавирусқа қарсы рекомбинантты ақуыз технологиясын (rDNA) қолданады.

Қазір Испанияда еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) мойындаған вакциналар қолданылады - Johnson & Johnson, Moderna, Oxford/AstraZeneca, Pfizer/BioNTech.

Бұған дейін Испанияның дәрі-дәрмек және медициналық агенттіктері адамдарға клиникалық зерттеулер жүргізу үшін коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинасын қолдануға рұқсат бергені туралы хабарланған болатын

Tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале