Кеше Ақсай қаласында самбо күресінен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын көтерді.
Екінші жарыс күнінде Борлытау бөктерінен ақжолтай хабар келіп жетті. Сырым ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісi, ЖББ А.Жұмағалиев атындағы орта мектебінің оқушысы Ізімғали Ерәмір 46 келі салмақ дәрежесінде чемпионаттың күміс жүлдегері атанды.
Ерәмірдің жеке бапкері – Рамазан Ерген. Бұл – Ерәмірдің спорттағы алғашқы табыстарының бәрі. Жас самбошының Сырым күрес мектебінің жарқын өкіліне, қазақ спортының жарық жұлдызына айналарына сенім мол.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz