18 қыркүйекте еліміздің барлық аумақтарында «World Cleanup Day 2021 «Birqe - taza Qazaqstan» бүкіләлемдік акциясы өткізілді. Бұл күні акция әлемнің 150 елінде өтеді және оған 380 миллионнан астам адам қатысады екен. Бұл акцияға біздің ауданы тұрғындары да атсалысты.
Акцияның мақсаты – көрнекі орындарды, табиғи аумақтарды әр түрлі қалдық заттар мен қоқыстан арылту. Еңкейген кәріден еңбектеген сәбиге дейін табиғатты сүйіп, аялайтын болса, экологиямыз жақсарып, жалпы қоғамда тазалық орнайтыны даусыз.
Аудан тұрғындары да бүкіләлемдік аталмыш экологиялық шараға белсене қатысты.
Аудан орталығында өткен сенбілікте 56 мекеменің, мемлекеттік және жеке меншік ұйымдардың қызметкерлері және аудан тұрғындары көшелерге тазалық жұмыстарын жүргізді.
Темір ауылындағы жаңадан салынған 67 тұрғын үй айналасы және жолдар жиегі тазартылып, 2 «КАМАЗ» автокөлігі, трактормен 4 тіркемеқоқыс тиісті орынға шығарылды.
Сонымен қатар сенбілікке аталмыш көшенің тұрғындары да шығып, үйлерінің маңын тазалап, өз үлестерін қосты.
Сенбілікке Қаратөбе ауылдық округінің Шөптікөл, Үшағаш, Соналы ауылдарының тұрғындары да шықты.
Ерболат Райсов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz