21.09.2021, 9:37
Оқылды: 15

Әскерилерді де қанаттандырды

Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында алдағы кезеңге арналған мемлекет дамуының негізгі стратегиясын айқындап берді.

WhatsApp Image 2021-09-21 at 09.31.25 (1)

Біріншіден, мемлекеттік қаржыны  жұм-сау және оны бақылау тәртібіне үлкен мән берілді. Ұлттық қордан бөлінетін қаражат, одан кейін бюджеттен әр түрлі бағдарламаларға берілетін қаражаттың барлығын бақылау және оны тиімді басқаруға байланысты жаңа бастамалар айтылды.

Сондай-ақ Жолдауда  мемлекет басшысы кәсіпкерлердің жаңа буынын қалыптастыру мақсатында мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін енгізу қажеттігін атап өтті. Қазіргі нарықтық қоғамда бұл, әрине, шынымен де қажет оқу пәні болады. Себебі білім саласы бір орында тұрмауы керек. Бұдан әрі мемлекет басшысы әскерде жастар жұмысшы мамандығын алуға тиіс екенін атап өтті. Менің ойымша, бұл жастар арасындағы жұмыс мәселесін шешіп қана қоймай, әскерге баруға деген  ынтаны  арттыруға  көмектеседі.

Тағы бір маңызды бастама – қарапайым халықпен әскери қызметшілер арасында әлеуметтік қорғауды күшейтуге арналған мәселелер блогы. Бұл ретте азаматтар осы күнге дейін жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге және басқа да маңызды қажеттіліктерге пайдалана алатыны қуантады. Әсіресе 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап елдегі ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500-ден 60 мың теңгеге дейін ұлғайту мәселесі қуантты. Бұл әлеуметтік қолдау ұландық әскери қызметшілерін де айналып өтпеді. Айта кету керек, 2021-2023 жылдар аралығында офицерлердің жалақысы 70%-ға, ал келісімшарттық қызметтегі әскери қызметшілердің  жалақысы  60%-ға  өседі.

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше жыл бұрын Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентті  Н. Ә. Назарбаев 100 мектеп салу туралы тапсырма берген болатын, ал осы жолдауда еліміздің Президенті Қасымомарт Тоқаев 1000 мектеп салуға тапсырма берді. Бұл да еліміздің алға қарай өркендеуінің белгісі.

Сонымен қатар Президент қорғаныс қабілетін нығайту қажеттігіне ерекше назар аударады. Қауіп-қатерлерге ден қоюдың жеделдігін арттыру да мемлекеттік маңызы бар басымдық болуы тиіс. Ол Ауғанстанда күрт өзгерген әскери-саяси жағдайға байланысты туындап отырған сын-қатерлерге алаңдаушылық білдірді. Осыған орай мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен Әскери доктринасын қайта жүктеу міндетін қойды. Біздің әлеуетті құрылымдарымыздың барлық тиісті бөлімшелері сырттан  келетін сын-қатерлер мен қауіптерге жауап  беруге  дайын  болуы  тиіс.

Өз кезегінде Ұлттық ұлан жауынгерлері әрқашан қылмысқа қатаң тосқауыл  қоюға, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, елдегі тиісті құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға және қамтамасыз етуге қабілетті, қуатты мемлекеттік  жүйе  ретінде  әрекет  ете  береді. Сондықтан біздің №5517 әскери бөлімінің «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері өз еңбегін жоғары жауынгерлік әзірлікпен, қызметтік-жауынгерлік міндетін табысты орындаумен, өз міндетін адал орындай отырып, алдағы  уақытта да абыроймен әскери  борышын  атқаратынына  сенім зор.

Сағындық Алқайдаров, 

подполковник,
№5517 әскери бөлімнің командирі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале