18 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы бойынша тәжік-ауған шекарасындағы соғыс ардагерлері одағының республикалық филиалы Деркөл кентінің Сарыарқа шағынауданында сенбілік өткізді.
Сенбілікте алдымен орман алқаптары қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ, Ақсай қаласындағы Ауған соғысы және Чернобыль АЭС ардагерлерінің ескерткіштері жанындағы Наурыз саябағында, Шыңғырлау ауданындағы ҰОС ардагерлері саябағында тазалау жұмыстары тазалық жұмыстары жүргізілді.
Аталмыш іс-шараға тәжік-ауған шекарасындағы соғыс қимылдарының 150 ардагері қатысты. Олардың демалыс күндеріне қарамастан сенбілікке шығып, жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсете білді. Соның ішінде сенбілік жұмыстарына белсене қатысқан Бөрлі ауданының әскери комитеті Салауат Сұлтанбекұлы Омаровты ерекше атап өтуге болады.
Сондай-ақ, 26 тамыз күні өткен сенбілікке БҚО Орал қаласы бойынша тәжік-ауған шекарасындағы соғыс ардагерлері ішінен 60-тан астам ардагер қатысты. Сенбілік шеңберінде қоқыс шығаруда техника ұсынғаны үшін әкімдіктерге үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді.