Былтырдан бастап Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылындағы ауылішілік жолдарға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жоспарлы 15 көшенің тек бір ғана көшесі қалып тұр. Ш.Шағыров, Ә.Молдағулова, М.Бегалиева, А.Оразбаева, С.Сейфуллин және шығыс беті бойынша асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Абай көшесінен басқасы. Жуырда ол да қатқыл табанды жолмен төселетін болады.
- Жаяу жүргінші жолдары да назартан тыс қалып жатқан жоқ. Оларға да асфальт төселуде. Жоспар бойынша бес көшеге, яғни Б.Жәникешев, М.Бегалиева, А.Оразбаева, С.Сейфуллин және Бөкейхан көшелеріне ұзындығы 2325 метр тротуар салынбақ. Қазіргі таңда Б.Жәникешев көшесі аяқталып, А.Оразбаева көшесінде жұмыстар басталды.
Жалпы барлық көшелер асфальт төсеуге дайын тұр, - дейді аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Жалғас Ташуов.
Раушан Бақытова,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz