27.09.2021, 15:08
Оқылды: 45

Бәйтеректік жеңіл атлеттер намысты қолдан бермеді

Бөрлі ауданында «Aksai trail run» жүгіру марафоны өтті. Ауданға қарасты Ақбұлақ ауылдық округі маңындағы «Алғабас» жоталарында ұйымдастырылған желаяқтар жарысын Бөрлі ауданы әкімдігі, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Uralsk runnеrs» жүгірушілер клубы ұйымдастырды.

F4EBBCC8-952B-4BDB-A209-0366CE409EFC

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Ақсай қаласының күніне орайластырылған бәсекеге өңіріміздің барлық аудандары мен Ақтөбе облысының спортшылары қатысты.

89CA9448-F209-4F4C-8C60-C9660F6EFB56

Мықтының мықтысы ғана шыдай алатын биік жоталарды бағындыруға бағытталған жарыс тартысты өтті. Ерлер мен бұрымдылар түрлі қашықтықта сынға түсіп, мықтыны анықтады. Жеңіл атлетика спорты қарыштап дамып жатқан Бәйтерек ауданының спортшылары да аталмыш додада бой көрсетті. Нәтижелері де көңіл қуантады.

57F1FFF8-54E5-4618-B378-5B846C25EDF8

Алдымен 200 метр биіктікке көтерілу жарысына шыққан қыздар арасында Ақкенже Таубаева екінші орын иеленсе, 4,5 шақырым қашықтыққа жүгірген қыздар бәсекесінде Надежда Беспалова алдына жан салмай, бірінші орын иеленді. Одан бөлек 200 метр биіктікке жарысқан ерлер бәсекесінде Бахтияр Исимов екінші нәтиже көрсетті. Сондай-ақ 4,5 шақырым жолды бағындырған ерлер бәсекесінде тағы бір бәйтеректік спортшы Ақылбек Қабдолмәжит бірінші орын иеленді.

3777280A-F177-480A-9347-0D6D2BB0A997

Алғабас жоталарындағы жарыс расымен де қызыққа толы болды. Ең мықты деген спортшылар таулы жерде 8,9 шақырымға жүгірді. Аталмыш жолды бағындырған қыздар арасында январцевтық Виктория Глотова үшінші, Наталья Панова екінші орынды иеленді.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар мен арнайы медальдар табысталды.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

суреттер «Бөрлі спорты» Facebook парақшасынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале