27.09.2021, 18:28
Оқылды: 41

Мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсетушілерге жаңа жәрдемақы қашан беріледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсетушілерге жаңа жәрдемақы қашан енгізілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

C31A0903-0C21-49BC-9EF8-6300D90AA5C0

Үкіметте өткен онлайн баспасөз мәслихатында I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсетушілерге жаңа жәрдемақы түрі қашан енгізілетіні туралы сұралды.

«Аталған мәселеге қатысты заңды Сенат қабылдап, Мемлекет басшысының қол қоюына жолданды. Алдағы уақытта қажетті заңға тәуелді актілерді қабылдау керек, яғни біз оларды даярлап қойдық. Менің ойымша, бір ай ішінде төлемді жасайтын боламыз. Осы бағыттағы қаражат бюджетте қарастырылған», - деді Серік Шәпкенов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қабылданды. Заң жобасының басты мақсаттарының бірі - мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларды, еңбек ардагерлерін және азаматтардың өзге де жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау жөніндегі заңнаманы жетілдіру.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале