Елордада тағы екі вакцинация аймағы ашылды. Азаматтарды КВИ-ға қарсы вакцинациямен қамту мақсатында егу пунктері «Нұрлы жол» теміржол вокзалында (жаңа вокзал) және Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
Осы тармақтарда бірінші және екінші компонентті екпені алуға болады. Вакцинаның қолда бар дозаларын салдыруға мүмкіндік бар. Бүгінгі таңда елордада екпенің 3 түрі бар: ресейлік «Спутник V», отандық QazVac вакцинасы және қытайлық Sinopharm VeroCell препараты.
inform.kz