28.09.2021, 21:21
Оқылды: 30

Бөрлі әкімі Тәуелсіздік құрдастарымен кездесті

Қазан айының алғашқы жексенбісі - ұлағатты ұстаздар мерекесі. Мереке қарсаңында Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов жас ұстаздармен, оның ішінде Тәуелсіздік құрдастарымен кездесті. Емін-жарқын кездесу  барысында жас ұстаздар мектеппен байланысты оқиғаларды айтып берді.

0AB4CCF0-7556-49BE-B939-91654D5C5955

Сондай-ақ білім беру саласына қатысты мәселелер талқыланды. Педагогтерге жасалып жатқан жағдайды баяндаған жас ұстаздар Тәуелсіздігіміздің құрдасы болғанын мақтаныш ететіндігін және бұл білімді ұрпақ тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік екендігін атап өтті.

A424EC5A-842A-44C5-946D-A391E556287E

Өз кезегінде аудан әкімі Миржан Сатқанов алдағы жылдары аудан педагогтеріне арналған 70 орындық жатақхана салынатындығын тілге тиек етті.

BE957EA5-6653-4B0C-B3A2-1E88DB710860

Тәуелсіздік жылдары ауданда 5 мектеп, 8 балабақша мен 1 мектептен тыс мекеме салынған. Бүгінде өңірдегі 2800 білім беру қызметкері алдына келген әр шәкірттің қабілет-қарымын  дамытып, ізденіспен тынбай еңбектеніп келеді. Үйретуден жалықпайтын ұстаз қауымның  еңбегі оқушылардың оқудағы үздік нәтижелерінен көрініс табуда.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале