29.09.2021, 17:30
Оқылды: 39

Вице-министр Қазақстанға дизель отынының Ресейден импортталу себебін түсіндірді

 Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов хабарлады. 

6e00e5e3ca93df8e6c6d2e42990721b5

Оның айтуынша, бұған себеп – Павлодардағы мұнай-химия зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстарына жабылуы болып отыр.

Биыл қазан айынан бастап Павлодар мұнай-өңдеу зауыты жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін уақытша өндіріс тоқтайды. Жөндеу жұмыстары негізі шілде-тамыз айларында жүргізілуі тиіс болады. Бірақ мұнай өнімдерінің қорын құрып алу үшін осындай шешім қабылданды. 23 қыркүйекте біздің тарап Ресейдің Энергетика министрлігімен шамамен 100 мың тонна көлемінде дизель отыны импортының қажетті көлемін бөлуге қатысты келіссөздер жүргізген болатын, - деді Энергетика вице-министрі.

Айта кететін жайт, қазіргі уақытта жанар-жағар май станцияларының ірі желілері ресейлік жеткізушілерімен келіссөздер жүргізіп жатыр. Ресейден дизель отыны ресейлік салықсыз жеткізіледі, ал Қазақстанға импорт кезінде қазақстандық қосылған құн салығы және тоннасына 540 теңге акциз төленетін көрінеді.

2020 жылдың 6 айы бойынша дизель отыны импортының бағасы жарияланбады, себебі Қазақстанға жанар-жағар май импортына тыйым салынды. 28 қыркүйектегі жағдай бойынша Ресей зауыттарынан дизель отынын жөнелту 19 517 тоннаны құрайды, бұл ретте импорттың қарқынды жандануын байқаймыз. 1 қыркүйектен 20 қыркүйекке дейін 5 055 тонна дизель отыны тиеп-жөнелтілді. Ал 21-28 қыркүйек аралығында бұл көрсеткіш шамамен 14 462 тоннаны құрайды, - деп атап өтті Әсет Мағауов.

BAQ.KZ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале