30.09.2021, 12:05
Оқылды: 40

Жемқорлықпен күрес  — баршаға ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – елімізде күн тәртібінен түспейтін мәселе.

Теректі аудандық прокуратурасы осы бағыттағы жұмыстың бел ортасында жүріп, іс-шаралар өткізуге мұрындық болып жүр. Осы жолы олар ветеринария саласындағы жемқорлықты болдырмау және алдын алу тақырыбына арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырды.

WhatsApp Image 2021-09-30 at 12.03.59

Жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ міндет. Әсіресе ауыл экономикасының басты нысаны – мал шаруашылығының қауіпсіз болуына жауапты ветеринария саласында жемқорлыққа жол жоқ. Өйткені азық-түлік қауіпсіздігі, яғни, адамның денсаулығы мен өмір сапасына ветеринария саласы тікелей жауапты.

Теректі аудандық прокуратурасының прокуроры Данияр Құсайынов қатысуымен өткен басқосуға «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы,  аудандық ішкі істер бөлімі өкілі, аудандағы ветеринария саласындағы мекемелер қызметкерлері қатысты.

Отырысқа төрағалық жасаған ҚР АШМ ВБжҚК Теректі  аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Тілек Мұқатов мекеменің жыл басынан бері атқарған жұмыстарын тізбелей  келіп, инспекцияның бас маманы Ю.Назароваға сөз берді.

Баяндамада тасымалданатын  объектілердің, яғни малды бір жерден екінші жерге орын ауыстыруына рұқсат беру барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін қандай шаралар қабылданғаны жайлы айтылды. ҚР «Ветеринария туралы» Заңының, осы саладаға заңнамалық актілердің талаптарын орындау мақсатындағы бақылау жұмыстары барысында 363 мәрте ескерту жасалып, 12 әкімшілік іс қозғалған.

Баяндама бойынша туындаған сұрақтарын қойып, толық жауап алған  отырысқа қатысушылар алдында сөз алған аудан прокуроры Д.Құсайынов сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жайын пысықтады. Оған қоса бағымсыз малдың жол бойында жайылып, жол қауіпсіздігі ережелері  бұзылатынын айтты. Осы бағытта қожалық басшыларымен, жалпы ауылдағы мал ұстайтын ағайынмен жұмысты күшейтуді керек.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале