ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық маслихаттың келісімімен Жаңақала ауданының әкімі лауазымына Дархан Закарин тағайындалды.
Дархан Әмірханұлы – 1972 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институты мен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Агроном» және «Мемлекетік және жергілікті басқару бакалавры» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
– «Пятимар» ауылшаруашылық кәсіпорнының бас агрономы;
– Жаңақала аудандық ауылшаруашылығы басқармасының бас агрономы;
– Жаңақала ауданы «Коммунал» мекемесінің директоры;
– Жаңақала ауылдық округінің әкімі;
– Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған.
Бүгінгі күнге дейін Жаңақала аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқарды.
zhaikpress.kz