6.10.2021, 10:36
Оқылды: 51

Кәсіпкерлермен еркін әңгіме

 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі №44 қаулысына сәйкес Сырым ауданының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ләззат Мұқанова жеке кәсіпкерлерімен жүздесіп, (еркін бағыттағы дөңгелек үстел) түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ЕРКІН ӘҢГІМЕ (2)

–      Бүгінгі таңда ауданымызда карантиндік шектеулерді бұзған 14 адам тіркеліп отыр. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі бойынша, 30 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл салынатынын кәсіпкерлерге де ескерттік.

КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ЕРКІН ӘҢГІМЕ (1)
«Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге келушілерді және жұмыскерлерді (персоналды) жіберу олардың мәртебесін айқындау үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, объектіге кіреберісте көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады. «Жасыл» мәртебе: «Қауіпсіз» - деректер базасында алынған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен; COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған; соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан; COVID-19-ға қарсы вакцинацияға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері туралы анықтамасы бар адам ретінде белгіленген. ПТР-тестілеу нәтижелерінің болуы міндетті болып табылатын, сондай-ақ «жасыл» мәртебе міндетті болып табылатын жерлерден басқа жерлерде жүріп-тұруға шектеу жоқ,-дейді ауданның бас дәрігері. Дөңгелек үстелге жиналған жеке кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтардың жауабын алды.

А.Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале