6.10.2021, 16:08
Оқылды: 16

Цой қанша адам вакцина алғанын айтты

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

4BE39051-EAED-4532-A9FC-D59CC2D66565

Бүгінгі күні вакцинаның 14,4 млн дозасы пайдаланылды, оның ішінде 1-компонентпен 7 766 146 адам екпе алды, бұл егілуге тиісті халықтың 77,9%-ын құрайды. Екінші компонентпен 6 756 266 адам (67,8%) қамтылды. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациямен қамтудың көшбасшылары: Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қалалары, - деді ол.

Цой атағандай, тұмау мен ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық маусымның басталуына байланысты министрлік халықтың сырқаттанушылығына, вакцинациялануына мониторинг жүргізіп жатыр.

Республикада 1 қыркүйекте 850 ЖРВИ жағдайы тіркелді, тұмау анықталған жоқ. Бүгінгі күні тұмауға қарсы 694 710 адам егілді, оның ішінде 684 051 – тегін негізде, 9 370 жұмыс берушілер есебінен және 1 289 – ақылы негізде. Халықты егумен қамтудың барынша көп пайызы Түркістан (9,8%), Павлодар (4,3%), Қарағанды (3,9%) облыстарында, Шымкент қаласында (3,4%) байқалады. Вакцинация жалғасуда, вакцинаның көлемі жеткілікті, - деді ол.

BAQ.KZ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале