11.10.2021, 14:45
Оқылды: 35

АӨК мүшелігінде 741 адам бар

Теректі ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың ХІІ кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Армат Байғазиев, аудандық мәслихат депутаттары, округ әкімдері және бөлім басшылары қатысты. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев төрағалық етті.

23A592E5-199C-4422-8E08-EA48650D8ABD

Күн тәртібіне сәйкес мәслихат депутаттары Теректі ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы А.Тугузбаевтың мәслихат алдындағы оған жүктелген функциялары мен міндеттері жөніндегі есебі тыңдалды. Амангелді Кәрімұлының жұмыс бабы бойынша туындаған іссапары негізінде аудан әкімінің орынбасары Армат Амангелдіұлы баяндама жасады.

Жалпы алғанда, ағымдағы жылдың 9 айы бойынша аудан бюджеті 10,1  млрд. теңгені құрайды. Ол өткен жылдағы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 108,6 млн. теңгеге артық екен. Ауданда барлығы 144,6 мың га жерге егіс егілген. Бүгінгі таңда өзекті боп тұрған мәселе – әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны тұрақтандыру бағытында жыл бойы 21 жәрмеңке ұйымдастырылған. Былтырдан бері ауданда АӨК құру қолға алынып, олардың саны 38-ге жеткен. АӨК мүшелігінде барлығы 741 адам бар.

D4C7D7C4-39F9-4C49-8BF4-02B00160B3B6

Жиын аясында әкім орынбасары ағымдағы жылдың 9 айы ішінде әр сала бойынша атқарылған жұмыстарды жіпке тізді.

Сонымен бірге сессия жұмысында Теректі аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлмира Сәрсенова сөз алды. Ол Теректі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсанындағы №48-8 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 29 қаңтардағы №2-1 «2021-2025 жылдарға арналған Теректі ауданының аймақтық даму бағдарламасын бекіту туралы» шешімін жою хақында баяндама жасады.

Сессия төрағасы Теректі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы №31-2 «Теректі ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы сөз қозғады.

Бірнеше аудандық деңгейдегі комисиялардың дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы Теректі ауданы әкімі аппаратының басшысы Мирлан Еркебаев баяндама жасап, шешім депутаттар тарапынан қолдау тапты.

 Әділет Әлібекұлы,  

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале