14.10.2021, 15:08
Оқылды: 44

Атырау облысында шетелдіктерді заңсыз елге кіргізгендер тергелуде

Атырау облысында шетел азаматтарының заңсыз көші-қонын ұйымдастырудың 2 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

20
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өңірде «Заңсыз мигрант-Кордон» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Оның барысында заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың 2 дерегі анықталған. Қазір аталған фактілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ рейд барысында құрылыс нысанында заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан Республикасының 42 азаматы анықталды.

«Қазір шетелдіктер қабылдау-тарату орнына орналастырылды. Соңғы үш күнде 386 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімімен 7 шетелдік ел аумағынан шығарылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 98 азаматына қатысты халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны, ҚР заңнамасын бұза отырып шетелдік жұмыс күшін және көшіп келушілерді еңбекке тартқаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Мәжбүрлеп шығару үшін арнайы қабылдау орнына алыс шетелден 3 азамат орналастырылды», - дейді департамент бастығы Қамза Үмбетқалиев.

                                                                                                                 Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале