15.10.2021, 9:04
Оқылды: 40

«Гриппол+» тұмаудың алдын алады

Өңірімізде тұмауға қарсы иммундау  науқаны  басталды. Тұмаудың және жіті респираторлық вирустың алдын алу үшін  тұрғындарға Ресейде өндірілген  «Гриппол+» екпесі салынуда. Иммундау науқанын бірауыздан қолдап, екпе  салдырғандардың бірі  –  облыстық  жедел медициналық жәрдем стансасының ұжымы.  

7B594DD1-912A-4837-84CE-AF107F33F67F

-Күз келіп, күн суытқалы маусымдық тұмау да өрши түсті. Облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының ұжымы жіті респираторлық вирустың алдын алу үшін  жыл сайын екпе алады. Бүгінде 42 қызметкер тұмауға қарсы екпе салдырды. Тұмаудың салдары вирусты және бактериалды пневмонияға, отит, гайморит, менингит секілді, сонымен қатар септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Өте ауыр жағдайларда науқастың өлімімен аяқталады. Сондықтан ЖРВИ-дің алдын алудың ең сенімді жолы - эпидемиялық кезең басталмай тұрып тұмауға қарсы екпе егілу.  «Гриппол+» вакцинасының ешқандай жанама әсері жоқ, – дейді облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының фельдшері Лариса Гриценко.

Айта кетсек, тұмауға қарсы вакцинация адамның тұрғылықты жері бойынша тіркелген емхана мен ауруханалардың  егу кабинеттерінде жүргізіледі.

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале