15.10.2021, 11:52
Оқылды: 62

Бас жүлде - Бауыржанда!

Ақжайық ауданының айнасы "Жайық таңы" газетінің 90 жылдығына арналған "Жайық таңы-жыр таңы" атты облыстық ақындар айтысында жерлесіміз, ақын Бауыржан Ширмединұлы бас жүлдеге ие болды.

13

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында өткен аламан айтысқа Бауыржан Халиолла, Дариға Мұштанова, Үзілдік Елеубайқызы, Бауыржан Ғұбайдуллин, Болат Есқалиев сынды белгілі тұлғалар әділ бағаларын берді.

Аталған бәйгеге Ақжайық ауданының айтыс ақындарымен қоса оралдық Айнабек Бисенғалиев пен Талғат Мықи, Теректі ауданынан Әділ Ахметов, жаңақалалық Орынбек Меңдіқұлов, Сырымнан Мақсат Тұяқ сынды ақындар қатысты.

Айта кетейік, аты облысқа, республикаға танымал жыр жүйріктерінің арасынан оза шапқан Бауыржан жуырда ғана ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жаңақала ауданында өткен "Жаңақала жырым боп жаралғансың" облыстық ақындар айтысында да ауданның мерейін өсіріп, жүлделі ІІІ орынға ие болған еді.

"Сөз қадірім-өз қадірім" деп білетін Бауыржанға қазақ өнерінің туын жықпай, мерейі үстем болсын демекпіз!

"Сырым елі"

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале