18.10.2021, 18:33
Оқылды: 52

Жәнібектік спортшыны еске алды

Жәнібек ауданында аудан әкімдігінің қолдауымен Жәнібек ауылының тумасы, белгілі спортшы, «Жас батырлар» күрес мектебінің негізін қалаушы Мерген Абдоловты еске алуға арналған дзюдо күресінен 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер мен қыздар арасында облыстық ашық турнир өтті.
IMG-20211018-WA0013

Мерген Жақияұлы Жәнібек ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасынан бастап дзюдо, қазақ күресімен шұғылданады. Облыс көлемінде бірнеше мәрте аудан намысын қорғап, жеңімпаз атанған. Ауданда қазақ күресін дамыту мақсатында  «Жас батыр» спорт клубын құрады. Клубта жасөспірімдерді қазақ күресіне баулып, спортқа тәрбиелейді. Алайда спортшының ғұмыры қысқа болады.

Жарысқа жергілікті балуандардан бөлек, Теректі, Жаңақала, Бөрлі, Казталов, Бөкей ордасы аудандары мен Орал қаласы және көршілес Атырау облысы, Құлсары ауданынан  барлығы 76 спортшы қатысты. Додада ер балалар 38, 42,  46, 50, 55, 60, 66, +66 салмақ дәрежесінде, қыздар 63 келі салмақ дәрежелері бойынша сынға түсті.

Турнирдің ашылу салтанатында  аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев жас спортшыларды құттықтап, ақ жол тіледі. Сондай-ақ  турнирдің қонағы жоғары санатты жаттықтырушы, ұлттық дәрежедегі төреші Баймолда Құбашевтың иығына шапан жапты.IMG-20211018-WA0012

Аудан әкімдігінің қолдауымен өткен шараның демеушілері Асқарбек Ниғметов бастаған бір топ  шәкірттері мен Биболат Шагиров, Серік Дәулетов бастаған достары, ағайын тумалары болды.

Жарыс қорытындысында бойынша  1-орын алып, жеңіс тұғырынан көрінгендер Ж. Назарбаев  (Орал қаласы), Расул Амангелдиев (Орал қаласы), Ернар Қуантқан (Атырау облысы, Құлсары ауданы), Асылхан Зиннуллин (Орал қаласы), Аманғали Данияр (Орал қаласы), Ерсұлтан Сатыбалдиев (Казталов ауданы), Алдияр Сайын (Орал қаласы), Зарина Ерген  (Орал қаласы).

Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық пен дипломдар табысталды.

Ә. Әбділда,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz


Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале