Іс-шара ҚР Үкіметі мен Германияның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы Федералдық министрлігінің тікелей қолдауымен ұйымдастырлуда.
Көрме барысында ауыл шаруашылығы жабдықтарының, автомобиль және ауыл шаруашылығы техникасының жаңа үлгілерінің әлемдік және өңірлік тұсаукесерлері, өсімдіктердің, селекцияның жаңа технологиялары көрсетіледі.
Сондай-ақ көрмеде асыл тұқымды ірі қараның тұрлері көрсетіледі. Бүгінде республиканың әр өңірінен Нұр-Сұлтан қаласына таңдаулы, экслюзивті асыл тұқымды ІҚМ келе жатыр. Көрменің үшінші күні халықаралық сарапшылардың төрешілігімен Қазақстанда ең танымал мал тұқымдарының байқауы және Канададан арнайы келген аукционшының басшылығымен элиталық ауыл шаруашылығы жануарларының ауқымды аукционы өтеді.
Сонымен қатар, Ақмола облысының жетекші фермалары бойынша «ет туры», Аграрлық нарық қатысушыларының іскерлік кездесулері, білім беру семинарлары мен тұсаукесерлері, соның ішінде жем-шөпті дайындау мен сақтаудың өткір мәселесін шешуге бағытталған семинарлар ұйымдастырылады. Ең бастысы Қазақтың ақбас тұқымының республикалық палатасының 70 жылдық мерейтойына арналған конференция жоспарланған.
Көрменің ауқымды бөлігіне Германия елінің танымал компаниялары мен ұйымдары орналасады. «Made in Germany» павильонында мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы техникасы және өсімдік шаруашылығы саласындағы жетекші өндірушілер, сондай-ақ DLG (неміс ауыл шаруашылығы қоғамы) және VDMA (Германия машина жасаушылар одағы) өз өнімдерін ұсынатын болады.