Қайырымдылық айлығы өз жалғасын табуда. Бәйтерек ауданы жастары аталмыш игі бастамадан қалыс қалған емес. Тіпті белсене атсалысты десе де болады.
Жуырда “Ардагерлерді ардақтайық” акциясы аясында Бәйтерек ауданы Көшім ауылдық округінің жастары мен волонтерлері ауыл ардагерлеріне көмек көрсетті.
Бойларында жастықтың қызуы мен жүректерінде мейірім шуағы бар жастар ауыл үлкендерінің үйлеріне барып, ауласын жинастырып, қаулаған шөптерді шауып, қоқыстан тазартып, қолғабыс жасады.
Бұл бастамаға риза болған ақсақалдар мен кейуаналар қолұшын созған жастарға ақ батасын беріп, жылы лебіздерін білдірді.
Назерке Сыйлыбаева,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz