Атырау облысында 97 бала коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, өңірдегі инфекциялық стационарларда 212 науқас емделіп жатыр.
«Инфекциялық стационарлардағы науқастардың арасында 4 бала мен 5 жүкті әйел бар. Ал, үй жағдайында ем-дом қабылдау үшін 93 бала мен 7 жүкті ана оқшауланған. Жансақтау бөлімінде жағдайы нашарлаған 15 науқас жатыр. Оның ішінде жағдайы өте ауыр 3 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.
Бұған дейін Атырау облысында инфекциялық стационарларда 212 науқас жатқаны хабарланған болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат