20.10.2021, 12:56
Оқылды: 44

Батыс Қазақстанда екі автокөлік соқтығысып, жүргізуші ауруханаға түсті

Батыс Қазақстан облысында екі автокөлік соқтығысып, жүргізуші ауруханаға түсті.

29

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 18 қазан күні шамамен сағат 07.00-де Бөрлі-Ақсай жолының 31-шақырымында болды.

«ВАЗ-21099» автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, 33 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан «Тойота» автокөлігімен соқтығысуға жол берген.

Соның салдарынан 20 жастағы жүргізуші жедел жәрдем көлігімен Ақсай қаласындағы Бөрлі аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

«ВАЗ-21099» жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 3-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, 20 жастағы жігіт тобығын сындырып алған. Соған ота жасалды. Жағдайы орташа ауыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале