21.10.2021, 11:57
Оқылды: 12

Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихы жайлы Tik-Tok жоба жасауға қолдау білдірді

Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихы бойынша Tik-Tok жоба туралы ұсынысты қолдайтынын айтты.

211021123335462e
«Сіз балаларды, өнерге, мәдениетке тартуға қатысты өте қызықты ұсыныс айттыңыз. Мен бұл ұсынысты қолдаймын жән облыс әкімдеріне де үндеймін. Шынымен де балалардың халық театрларын ашқан сияқты мұндай жұмысты бастап көрейік те. Балаларымыздың арасында таланттылар өте көп. Күні кеше ғана Жезқазғанда болдым және балалардың өнердің сан түрімен, оның ішінде домбырамен айналысатындығын көрдім. Бұл - қуантарлық жайт. Дегенмен біз мұндай балаларға қолдау көрсетуіміз қажет. Ол олардың саны өте көп», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихы бойынша Tik-Tok жоба құру туралы ұсынысқа қолдау білдірді «Сіздің өлкеміздің тарихы бойынша Tik-Tok жоба құруға қатысты ұсынысыңызды қолдаймын. Шындығында, бұл өте жақсы жоба. Қазір жастар негізінен Іnstagram мен Tik-Tok-та отырады. Бірақ бұл - біздің өміріміздің шындығы», - деді Мемлекет басшысы.

ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале