22.10.2021, 18:53
Оқылды: 55

Сырымдық қолөнершілер Қаратөбеде

Бүгін ауданымызда Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты Сырым ауданының суретшілері мен қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті.

43

Көрмеге жетекші болып келген Сырым аудандық білім беру бөлімі балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Ағаш шебері» қолөнер үйірме жетекшісі Нұрболат Қабиев пен «Бояулар сыры» сурет үйірмесінің жетекшісі Мұса Сұлтанғалиев, Бұлдырты мектеп-балабақша кешенінің технология пәнінің мұғалімі Мұрат Рамазановтың қолөнер туындылары назарға ұсынылды.

Көрменің ашылу салтанаты Сырым аудандық білім беру бөлімінің «Балалар жасөспірімдер шығармашылық орталығы» директорының  міндетін уақытша  атқарушы Нұрбол Батырғалиұлы құттықтау  сөз сөйледі.

Шара сырымдық әнші Алтынбек Қанатқалиевтің орындауында «Жастар ұраны» әнімен жалғасын тапты. Одан соң Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшаұлы сөз алды.

Көрме жұмысы қатысушылардың тамашалаумен жалғасын тауып, қолөнер шеберлері жұмыстарының шығу тарихымен таныстырып, өнерлерінің  сыр-құпиясымен бөлісті.

42

Қаратөбе ауданы білім беру бөлімінің «Балалар шығармашылық үйі» ұжымының ұйымдастыруымен шеберлік сағаты өтті. Екі аудан ұжымының қолөнер шеберлері бірігіп, ұлттық нақыштағы туынды жасап шығарды. Жасалынған туындыда Қаратөбе өңірінің  Қалдығайты өзені, ақ құмы мен әсем табиғаты бейнеленген. «Туған жер табиғаты» атты туындыны Қаратөбе шығармашылық үйінің ұжымы Сырым ауданы қолөнершілеріне тарту етті.

Халила Моржанова,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале