Таяуда «Алтын дала» жаяу туризм техникасынан жарыс өтті. Бұл шара БҚО балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры қызметін атқарған, марқұм Виктор Фоминді еске алуға арналған еді.
Жарыс нәтижесінде Теректі ауданының құрама командасы балалар және жасөспірімдер тобында оза шауып жалпы командалық есепте жүлделі 1- орынды жеңіп алды. Тінін тарқатсақ,«Вело Тирал» қашықтығы барысында балалар тобындағы А. Асқар, жасөспірімдер тобындағы Н. Наримандар бірінші орынды иеленді.
«Жеке» қашықтығы бойынша балалар тобындағы А. Самиғолла 1- орын, А. Асқар 2-орын, А. Абдрахман 3- орын, жасөспірімдер тобында Н. Нариман 1- орын,. Б.Көшербаевалар 2-орын тұғырынан табылды.
Сонымен қатар ең үздік командалық көрсетілім байқауында 2 орынға ие болғандығын айта кеткен жөн. Туристік тағам байқауында бірінші орынды қанжығаға байлады.
Ал фотосуреттер байқауында 3- орынды місе тұтты.
Спело байлам қашықтығы:
Балалар тобында аралас байлам бойынша А. Асқар менА. Самиғоллалар, ұлдар байламында М. Меңдігерей, А. Абдрахмандар 1 орынға шықты.Сондай-ақ жасөспірімдер тобында ұлдар байламы аясында Н. Нариман, Ш. Самат, аралас байлам — ағайынды Ғұмар мен Дильназ Көшербайларға бірінші орын бұйырды.
Сонымен бірге байламдар қашықтығы — балалар тобында аралас байлам А. Асқар Айша,А. Самиғолла, ұлдар байламы М. Меңдігерей, А. Абдрахман 1 орынға ие болды. Жасөспірімдер тобында ұлдар байламы — Н. Нариман Ш. Самат, аралас байлам — Ғұмар мен Дильназ Көшербаевалар 2 орынды жеңіп алды. Ал техникалық қашықтығы бойынша балалар және жасөспірімдер тобы бірінші орынға шығып, жеңіс туын желбіретті.
Елырыс Елмұрат,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz