25.10.2021, 21:33
Оқылды: 29

Оралдық азаматтан 2 млн. теңге бопсалағандар ұсталды

Орал қаласында 2 млн. теңге бопсалағандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың өңірдегі тілшісі.

36E1F973-2071-4C9A-A7EB-7D5E2D93DE3C

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Орал қаласының 41 және 35 жастағы тұрғындары 40 жастағы ер адамға күш көрсетіп, 2 млн. теңге көлемінде қаржы бопсалаған. Бұл жөнінде криминалдық полиция басқармасына жедел хабар түскен. «Арнайы мақсаттағы бөлініс жасағы мен ҚР ҰҚК БҚО департаменті қызметкерлерінің қатысуымен 22 қазан күні күдіктілер жәбірленушіден ақша алу үстінде қолға түсті. Тінту барысында заттай айғақтар алынды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан. Толық ақпарат тергеу аяқталғаннан кейін берілетін болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале