29.10.2021, 11:15
Оқылды: 49

Қариялардан қамқорлықты аямаған

Шыңғырлау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің қарауында бүгінгі таңда  102 қызмет алушы бар. Оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер 97, І-ІІ топ мүгедектері -2, мүмкіндігі шектеулі 2 мүгедек бала және 18 жастан асқан жүйке дертіне шалдыққан 2 мүгедек жан бар. Қазіргі таңда бөлімшеде осындай санатттағы жандарға көмек беретін 23 әлеуметтік қызметкер енбек етеді.

13

Әлеуметтік қызметкер - тек білім мен білікті ғана емес, басқа адамның ауырсынуын түсіну және сезіну үшін өз жүрегін ашуға дайын болуды талап ететін ерекше мамандықтардың бірі. Осындай жұмысты абыроймен атқарып келе жатқан қызметкерлеріміздің бірі Ащысай ауылында тұратын Гүлжанат Байдрахманова. Әлеуметтік салада 11 жылдан аса қызмет атқарып келеді, қарауында 3 жалғызбасты зейнеткер бар. Өзіне белгіленген  күндері қариялардың үйіне барып, өтініштерін орындап, үй жұмыстарына қолқабыс тигізіп назардан тыс қалдырмайды. Гүлжанат Гиниятқызы отбасында 4 бала  тәрбиелеуде. 2015 жылы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

11

Екінші әлеуметтік қызметкеріміз де осы Ащысай ауылында тұрады. Айнаш  Айтмұхамбетованың әлеуметтік салада еңбек еткеніне 9 жыл болды. Ол бүгінде ауылдағы 5 жалғызбасты зейнеткерді өз қамқорлығына алып келеді. Қызмет көрсету барысында қарауындағы қариялардың көңілінен шығып,  уақытынан кешікпей үйлеріне барып, тапсырған шаруаларын мұқият орындайды. Айнаш Таңатарқызы тұрмыста, отбасында 1 бала тәрбиеленуде. 2016 жылы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталып, ауылдастарының құрметіне бөленіп келеді.

15

Барша әріптестерімізге жауапты қызметтерінде тек табыс тілейміз, қариялардың көңілдеріне қаяу түсірмуге тырысып, жеке уақытпен де есептеспей жүретін сіздер әрқашан да алғысқа лайықсыздар дегіміз келеді.

Г.Алпысбаева,

үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің кеңесшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале