Батыс Қазақстан облысында жеңіл көлік жүк көлігіне соғылып, жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапты.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 30 қазан күні шамамен сағат 11.15-те Орал-Кирсанов жолының 15-шақырымында болды.
«Тойота» автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі басып озу кезінде 55 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан «ГАЗ-53» автокөлігімен соқтығысуға жол берген.
Соның салдарынан «Тойота» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Оған қоса түрлі жарақат алған 16 және 13 жасар жасөспірімдер Оралдағы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, басынан жарақат алып, ес-түссіз күйде жатқан 13 жасар балаға ота жасалуда. 16 жастағы жасөспірімнің бас сүйегі сынған. Жансақтау бөлімінде жатыр.
55 жастағы жүргізуші ауруханаға жатудан бас тартты.
Дереккөз: ҚазАқпарат