Облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының фельдшері Райымбек Қадыров 22-24 қазанда Литваның Вильнюс қаласында өткен зілтемірді жатып көтеру бойынша (пауэрлифтинг) жастар арасындағы әлем чемпионатында чемпион атанды.
Райымбек Қадыров 2001 жылы 11 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов ауылында дүниеге келген. 2018 жылы Орал қаласындағы №47 орта мектебін бітірген. Биыл Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжін тәмамдап, шілде айында Облыстық медициналық жедел жәрдем станциясына фельдшер қызметіне жұмысқа орналасты.
2021 жылдың наурыз айында Райымбек Шымкент қаласында Junior-дың 23 жасқа дейінгі 53 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі