1.11.2021, 11:47
Оқылды: 79

Жерлесіміз – әлем чемпионы!

Облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының фельдшері Райымбек Қадыров 22-24 қазанда Литваның Вильнюс қаласында өткен зілтемірді жатып көтеру бойынша (пауэрлифтинг) жастар арасындағы әлем чемпионатында чемпион атанды.

WhatsApp Image 2021-11-01 at 11.29.00 (1)

Райымбек Қадыров 2001 жылы 11 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов ауылында дүниеге келген. 2018 жылы Орал қаласындағы №47 орта мектебін бітірген. Биыл Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжін тәмамдап, шілде айында Облыстық медициналық жедел жәрдем станциясына фельдшер қызметіне жұмысқа орналасты.

WhatsApp Image 2021-11-01 at 11.29.00

2021 жылдың наурыз айында Райымбек Шымкент қаласында Junior-дың 23 жасқа дейінгі 53 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.

WhatsApp Image 2021-11-01 at 11.29.01

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале